Тағамдық аллергияның дамуын болдырмау үшін.
Тағамдық аллергияның дамуы бойынша тәуекел тобындағы балалардың тамақтануына арналған, ішінара гидролизденген сарысу ақуыздары негізіндегі балалардың гипоаллергенді құрғақ қоспасы. Аллергиялық аурулар ішек микрофлорасы мен иммундық жүйенің жай-күйіне байланысты. Лакто- және бифидобактериялар ішек микробиотасының жағдайын жақсартып, аралас және жасанды жолмен тамақтандырылатын балаларда иммунитеттің қалыптасуына септігін тигізеді.
Аллергиядан үш есе қорғаныс
Әлемдегі №1 пробиотик – L.rhamnosus LGG лактобактериялары туғаннан бастап балалар үшін ең тиімді және қауіпсіз болып табылады, атопиялық дерматит пен экземаны емдеу және алдын алу үшін қолданылады.
Ішінара гидролизденген сарысу ақуызы – антигенділігі сүт ақуызымен салыстырғанда 100 мың есе азайған – бастапқы аллергияның алдын алуға арналған.
BB-12 бифидобактериялары ішектегі пайдалы микрофлораның тепе-теңдігін сақтайды, иммунитетті қолдайды.
Теңдестірілген бірегей май құрамы
- Құрамында табиғи сүт майы бар
Сүт майының құрамында мидың дұрыс дамуы және зат алмасудың жақсаруы үшін қажетті компоненттер бар, оңай сіңеді және баланың жылдам өсуі үшін қуат көзі болып табылады.
- Құрамында пальма және рапс майлары жоқ
Пальма майында емшек сүтіндегідей пальмитин қышқылы бар. Емшек сүтінен айырмашылығы – пальма майындағы пальмитин қышқылы α-пальмитат түрінде болады және нашар сіңеді, бұл іш қатуға, алынатын энергияның жетіспеушілігіне және кальцийдің нәжіспен бірге шығып кетуіне алып келуі мүмкін.
Ана сүтіндегідей маңызды қоректік заттар
Омега-3 (DHA) – май қышқылдары, бас миының интеллектті дамыту және көздің көру жітілігін сақтау үшін таптырмайтын құрылымдық компоненттері.
Лютеин – бала көзінің ішкі тор қабығын қорғау функциясын орындайтын маңызды антиоксидант.
Пребиотиктер ішектің пайдалы микрофлорасының өсуіне және тұрақты жұмсақ нәжістің қалыптасуына ықпал етеді.
Нуклеотидтер – иммундық жүйенің қалыптасуы және асқазан-ішек жолының жетілуі үшін басты компоненттер.
Құрамында ГМА жоқ.
Құрамында қант, консерванттар, бояғыштар және хош иістендіргіштер жоқ.