Top.Mail.Ru

Сипаттамасы

Сүт ақуыздарына төзбеушілік, лактаза жеткіліксіздігі және галактоземия кезінде.

Сүт компоненттеріне (ақуызға немесе лактозаға) төзбеушілік немесе ұзақ мерзімді лактозасыз рационды сақтау қажеттілігі кезінде арнайы таңдалған формула қажет. Мұндай кезде баланың тамақтануы теңгерімді және толыққанды болып, сәбидің оңтайлы өсуі мен дамуына жеткілікті болуы маңызды.

Соя ақуызының жоғары тазартылған изоляты негізіндегі балаларға арналған құрғақ қоспа:

жақсартылған аминқышқылдық құрамы;

жағымды дәмі.

Лактозасыз — глюкоза шәрбаты мен мальтодекстрин диарея кезінде асқазан-ішек жолының қызметін тез қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Маңызды компоненттермен байытылған:

Омега-3/Омега-6 (DHA/ARA) май қышқылдары — бас миының құрылымдық компоненттері, интеллект пен көру қабілетінің дамуы үшін қажет.

Кальций, фосфор, темір, мырыш — рахит пен анемияның алдын алу үшін мөлшері арттырылған.

Жарамдылық мерзімі: 18 ай.

  1. Пайдаланар алдында қоспаны шайқаңыз.
  2. Қалып қойған дайын қоспаның қалдығын келесі рет тамақ беру үшін пайдаланбаңыз. 
  3. Қораптағы қоспаны микротолқынды пеште қыздырмаңыз! 
  4. Қоспа көлемі мен тамақтандыру санын дәрігер тамақтандыру кестесіне сәйкес анықтайды.   
     

Сақтау шарттары.   

Қорапты ашқан сәтке дейін, құрғақ қоспаны 0°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспаған жағдайда сақтаңыз.    
Бөтелкеге құйылған қоспаны 2 сағат ішінде пайдаланыңыз.

Тамақтандыру кестесі

Баланың жасыБір тамақтандыруға: су көлемі, млБір тамақтандыруға: өлшеуіш қасық саны*Тәулігіне тамақтандыру саны
0–2 апта9036
2–6 апта9036
6–8 апта12046
2–3 ай12046
3–4 ай15056–5
4–5 ай15055–4
5–6 ай18064–3
6 айдан жоғары18063–2

* 1 толық өлшеуіш қасық, бетімен тегістелген — 4,3 г құрғақ қоспа.

глюкоза шәрбаты, өсімдік майлары (пальма майы, кокос майы, соя майы, жүгері майы), соя ақуызының изоляты, минералды заттар (натрий хлориді, магний хлориді, калий цитраты, калий фосфаты, натрий цитраты, мырыш сульфаты, темір сульфаты, мыс сульфаты, калий йодиді, натрий селениті), балық майы (DHA докозагексаен қышқылының көзі), Mortierella Alpina майы (ARA арахидон қышқылының көзі), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, DL-альфа-токоферол ацетаты, никотинамид, кальций D-пантотенады, пиридоксин гидрохлориді, ретинол ацетаты, рибофлавин, тиамин гидрохлориді, фолий қышқылы, филлохинон, D-биотин, D3 холекальциферол, цианкобаламин), холин битартраты, L-метионин, эмульгатор (соя лецитині), таурин, инозит, L-карнитин, тотықсыздандырғыш (L-аскорбилпальмитат).

Тағамдық құндылығы100 г құрғақ қоспада100 мл дайын қоспада
Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж512 / 214467 / 279
Ақуыз, г14,01,8
өсімдік ақуызы, г14,01,8
L-метионин, мг25232,8
Май, г27,53,6
линол қышқылы, г5,310,69
α-линолен қышқылы, г0,530,07
арахидон қышқылы, мг54,07,0
докозагексаен қышқылы, мг54,07,0
Көмірсулар, г52,26,8
глюкоза шәрбаты, г52,26,8
лактоза, г00
Күл, г3,80,5
Минералды заттар:
кальций, мг57775
фосфор, мг38550
калий, мг45059
натрий, мг18524
магний, мг547,0
мыс, мкг37048
марганец, мкг23030
темір, мг8,51,1
мырыш, мг7,71,0
хлоридтер, мг36047
йод, мкг9212
селен, мкг11,51,5
Дәрумендер:
ретинол (A), мкг-экв47061
токоферол (E), мг9,21,2
кальциферол (D), мкг9,21,2
K дәрумені, мкг354,5
тиамин (B1), мкг38550
рибофлавин (B2), мкг768100
пантотен қышқылы, мг3,10,4
пиридоксин (B6), мкг46060
ниацин (PP), мг4,00,52
фолий қышқылы, мкг658,5
цианокобаламин (B12), мкг1,70,22
аскорбин қышқылы (C), мг7710,0
биотин, мкг152,0
Инозит, мг273,5
Холин, мг7710,0
L-карнитин, мг9,51,2
Таурин, мг354,6
Осмоляльдығы, мОсм/кг210

Пікірлер

Яндекс.Метрика