
- Сәбиге арналған тамақты дайындау алдында қолыңызды жуыңыз.
- Таза ыдысты пайдаланыңыз.
Балаларға арналған немесе алдын ала қайнатылып, 50ºС-қа дейін салқындатылған 130–140 мл ауыз суын тәрелкеге құйыңыз.
Қайнатылып салқындатылған суды да қолдануға болады.
- Кептірілген ботқаның 50 граммын (шамамен 5 ас қасық) біртіндеп салып, үздіксіз араластырыңыз.
- Ботқаны біркелкі консистенцияға дейін араластырыңыз.
- Араластыру үшін шанышқы қолдану ұсынылады.
- Тәрелкені жауып, ботқаны 3–5 минутқа қоя тұрыңыз.
- Тамақтандырмас бұрын ботқаның температурасын тексеріңіз (36–38°С).
- Ботқа қолдануға дайын.
- Ботқаны әрдайым тамақтандыру алдында ғана дайындаңыз.
- Алдыңғы тамақтандырудан қалған ботқаны қайта пайдаланбаңыз.
Баланың жасын және жеке қалауын ескере отырып, ботқаның қоюлығын судың мөлшерін өзгерту арқылы реттеуге болады.
Жаңа өнімді енгізбестен бұрын педиатрдан кеңес алыңыз.
Жаңа өнімді бір қасықтан бастап, 5–7 күн ішінде жас ерекшелігіне сай порцияға дейін біртіндеп енгізу ұсынылады.
Сақтау шарттары:
- Орамасы ашылмаған өнімді +1°С-тан +25°С-қа дейінгі температурада және салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспайтын жерде сақтаңыз.
- Ораманы ашқаннан кейін өнімді құрғақ, салқын жерде, ауасы кірмейтіндей жабық күйде 3 аптадан артық сақтамаңыз